Депутаттардың жаңа құрамын бастаған Алматы қаласы мәслихатының экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту жөніндегі жаңа комиссиясы мегаполистегі жылу мен электр энергиясының негізгі көзі саналатын Алматы ЖЭО-2-ге барды.
Халық қалаулылары соңғы жылдары атмосфералық ауаға ең көп түтін шығаратын нысанды аралады.
«Мұнда жасыратын ештеңе жоқ. Алматының ауасы лас екенін кез келген тұрғын біледі. Жыл сайын Алматыда зиянды заттардың концентрациясы бүкіл республика бойынша басым болып келеді. Жағдай апатты, сондықтан біз осындамыз», - деді Алтынай Көбеева, Алматы қаласы мәслихатының экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту жөніндегі комиссиясының төрайымы, VII сайланым мәслихатының депутаты.
Депутаттың айтуынша, қаланың экологиялық жағдайының проблемалары көптеген адамдарды ұзақ жылдар бойы мазалап келеді. Бұған ластанған ауа, кәсіпорындардан шығатын улы қалдықтар, көліктердің көптігі, қоқысты шығарудағы проблемалар, жыл сайын болатын қаланы көгалдандыру сұрақтары да кіреді.
«Біздің комиссия атмосфералық ауаның сапасын және жалпы экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуді бастады. Депутаттармен бірге жұмысты қадағалап, азаматтардан келіп түскен өтініштерге жедел жауап беруге дайынбыз», - деді Көбеева.
Комиссияның айтуынша, жұмыстың барысында бірінші айда қаладағы экологиялық жағдай туралы ақпарат пен пікірлерді жиналады. Комиссияның мониторинг пен тексеруінде бірінші болған ЖЭО-2 станциясында аталмыш депутаттар қазіргі жағдайы мен оны газға ауыстырудың жоспарларымен танысты.
Айта кету керек, бұл көмірмен жұмыс істейтін станцияны газдандырудың алғашқы тәжірибесі емес, бұрын соңды ЖЭО-1 газға сәтті ауыстырылып, қоршаған ортаға кері әсері айтарлықтай төмендегенін көрсетті.
Депутаттар сонымен қатар ЖЭО-2 басшыларының қоғаммен тығыз өзара әрекеттесуі қажеттігін атап өтті, өйткені мұндай жобаны газға аудару тек ауқымымен ғана емес, сонымен қатар техникалық және инженерлік ерекшеліктерімен де күрделі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтқандай, Алматы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданған болатын.